Screenshots

Description

Кітаптарды қазақша тыңда


Kitap – сапалы қазақша аудиокітаптардың ең мол қоры.


Сөйлейтін кітаптар


Kitap қосымшасынан жүктеп алып, қазақ және әлем әдебиетінің жауһарларын ыңғайлы уақытта, кез келген жерде тыңдай аласыз. Мұнда әр адам білуі тиіс классикалық шығармалар, әлемдік бестселлерлер, ғылыми-танымдық және іскерлік әдебиеттер, психология, тарих және балаларға арналған таңдаулы шығармалар жинақталды. Әрі оларды танымал кәсіби дикторлар дыбыстады.

Kitap қосымшасы – серуенде, сапарда, ұзын-сонар кезекте, ұйқы алдында, тыныққан сәтте уақытыңызды тиімді әрі пайдалы өткізуге көмектесетін жан серігіңіз.


Бұл – түрлі жанрдағы аудиокітаптардың ең үлкен жинағы. Абай өлеңдері мен «Қара сөздерін», поэмалары мен аудармаларын, Мұхтар Әуезов романдары мен әңгімелерін, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытовтардың үздік шығармаларын, әлемдік бестселлер – Cтивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», Юваль Ной Хараридің «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» секілді еңбектерін қазақ тілінде тыңдауға болады. Қосымшада ұнаған кітаптарды жеке сөреге жинақтауға, жүктеп алуға, оны достарыңмен бөлуге болады.

Аудиокітаптар бірнеше санатқа (жанрға) бөлінген:
• Көркем шығармалар
• Тарихи шығармалар
• Ғылыми әдебиеттер
• Публицистика
• Романтика
• Психология
• Бизнес
• Ертегілер және т.б


Жиі қойылатын сұрақтар:

- Kitap қосымшасын не үшін жүктеп алуым керек?
Kitap қосымшасы сізге бір сәтте аудиокітаптардың мол қоры ішінен өзіңізге ұнайтын, сіз іздеп жүрген, бүкіл әлем оқып, талқылап жатқан кітаптардың аудионұсқасын онлайн немесе жүктеп алып тыңдауға мүмкіндік береді.

- Kitap-тың басқа аудио қосымшалардан ерекшелігі неде?
• Дыбысталған кітаптың ең мол қоры;
• Кітапты сатып алмас бұрын бір бөлігін тыңдап көру мүмкіндігі;
• Жеке кітапхананы жасақтау;
• Кітаптарды жүктеп алу мүмкіндігі;
• Тыңдап жатқан шығармаңызды тоқтаған жерінен жалғастыру;
• Аудионы алға және кері жылжыту, бөлімдерді оңай ауыстыру мүмкіндігі;
• Аудионы ойнату жылдамдығын таңдау;
• Кітапты, жалпы қосымша жұмысын тоқтатын ұйқы таймері бар;
• Тыңдалған кітап бөлігі процентпен көрсетіліп отырады;
• Кітап туралы пікір білдіріп, талқыға қатысуға, баға бере аласыз.

- Kitap-та балаларға арналған шығармалар бар ма?
Әрине! Балалар әдебиеті біздің қосымшаның негізгі бөлігін құрайды. Түрлі жанрдағы ертегілер саны 400-ден асады және ұдайы толығып отырады. Мұнда мектеп бағдарламасындағы барлық шығармалар толық дыбысталған.

- Аудиокітаптарды жүктеуге бола ма?
Иә, таңдаған кітапты жүктеп алуға болады. Жүктелген кітаптар жеке сөреге жиналады.


- Қосымшаға жазылу құны қанша?
Жазылым құны – айына 1 790 теңге.



- Жазылымға не кіреді?
- Барлық аудиокітаптарды тыңдау мүмкіндігі;
- Қосымша сапасы әрдайым артып, жаңа мүмкіндіктер қосылып отырады;
- Жаңа шығармалар сапалы дыбысталып, қор үнемі толығады аудионұсқасы ұсынылады;
- Жаңа шығармалар туралы бірінші болып біліп отырасыз.




What’s New

Version 3.0.1

1.Мәтіндік аудармаларды көрсету бөлігінде қосымшаны жақсарту.
2.Жүктелген кітаптарды жою мүмкіндігін еңгізу.
3. Кітап мұқабаларын көрсететін түзетулер.

App Privacy

The developer, Bilim Media Group TOO, indicated that the app’s privacy practices may include handling of data as described below. For more information, see the developer’s privacy policy.

Data Not Linked to You

The following data may be collected but it is not linked to your identity:

  • Contact Info
  • Diagnostics

Privacy practices may vary based on, for example, the features you use or your age. Learn More

Supports

  • Family Sharing

    Up to six family members will be able to use this app with Family Sharing enabled.

More By This Developer

Education
Education
Education
Education

You Might Also Like

Books
Books
Books
Books
Books
Books