Kitap 4+

Ashyq Kitaphana

Bilim Media Group TOO

Разработано для iPad

    • 4,1 • Оценок: 18
    • Бесплатно
    • Включает встроенные покупки

Снимки экрана

Описание

Kitap қосымшасы – қазақ тіліндегі кітаптар мен аудиокітаптардың ең үлкен қоры.

Сізбен сырласатын және «сөйлейтін» кітаптар

Kitap қосымшасын жүктеп алсаңыз, қазақ және әлем әдебиетінің жауһарларын өзіңізге ыңғайлы уақытта әрі кез келген жерде оқып, тыңдай аласыз. Мұнда әр адам білуі тиіс классикалық шығармалар, әлемдік бестселлерлер, ғылыми-танымдық және іскерлік әдебиеттер, психология, тарих пен балаларға арналған таңдаулы шығармалар жинақталған.

Kitap сізге өзге жерден таппайтын таңдаулы, сапалы аудиокітаптарды ұсынады. Оларды елімізге танымал кәсіби дикторлар дыбыстады.

Kitap – серуенде, сапарда, ұзын-сонар кезекте, ұйқы алдында немесе тыныққан сәтте уақытыңызды тиімді әрі пайдалы өткізуге септесетін көмекші. Абай өлеңдері мен Қара сөздері, поэмалары мен аудармаларынан бастап, Мұхтар Әуезов романдары мен әңгімелері, Бейімбет Майлин, Жүсіпбек Аймауытовтардың үздік шығармалары, әлемдік бестселлер – Cтивен Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», Юваль Ноаһ Хараридің «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» секілді еңбектеріне дейін қазақ тілінде оқып, тыңдай аласыз. Қосымшада өзіңізге ұнаған кітаптарды Сөреге жинақтауға, кітаптарды жүктеп алуға, достарыңызбен бөлісуге де мүмкіндік берілген.

Кітаптар мен аудиокітаптар бірнеше санатқа (жанрға) бөлінген:
• Көркем шығармалар
• Тарихи шығармалар
• Ғылыми әдебиеттер
• Іскерлік әдебиеттер
• Публицистика
• Романтика
• Психология
• Бизнес
• Ертегілер және т.б


Жиі қойылатын сұрақтар:
Kitap қосымшасын не үшін жүктеп алуым керек?
Kitap қосымшасы сізге ұнайтын, сіз іздеп жүрген, бүкіл әлем оқып, талқылап жатқан кітаптар мен оның аудионұсқасын онлайн немесе жүктеп алып тыңдауға мүмкіндік береді.

Kitap-тың басқа қосымшалардан ерекшелігі неде?
• Кітаптар мен аудиокітаптардың мол қоры;
• Кітапты сатып алмас бұрын бір бөлігін оқып/тыңдап көру мүмкіндігі;
• Жеке кітапхананы жасақтау;
• Кітаптарды жүктеп алу;
• Оқып немесе тыңдап жатқан шығармаңызды тоқтаған жерінен жалғастыру;
• Шығарманың қажет тұсына бетбелгі қою;
• Ұнаған цитатаны сақтап алу;
• Аудионы алға және кері жылжыту, бөлімдерді оңай ауыстыру;
• Аудионы ойнату жылдамдығын таңдау;
• Қосымша жұмысын тоқтататын ұйқы таймері бар;
• Оқылған/тыңдалған кітап бөлігі процентпен көрсетіледі, яғни, жетістігіңізді бақылап отырасыз;
• Кітап туралы пікір білдіріп, талқыға қатысып, баға бере аласыз.

Kitap-та балаларға арналған шығармалар бар ма?
Әрине! Балалар әдебиеті біздің қосымшаның негізгі бөлігін құрайды. Түрлі жанрдағы ертегілер саны 400-ден асады және ол ұдайы толығып отырады. Мұнда мектеп бағдарламасындағы барлық шығарма толық дыбысталған.

Аудиокітаптарды жүктеуге бола ма?
Иә, таңдаған кітапты жүктеп алуға болады. Жүктелген кітаптар Сөреге жиналады.

Қосымшаға жазылу құны қанша?
Жазылым құны – айына 1790 теңге.

Жазылымға не кіреді?
• Барлық кітапты оқу, аудиокітапты тыңдау мүмкіндігі;
• Қосымша сапасы әрдайым артып, жаңа мүмкіндіктер қосылады;
• Жаңадан шыққан кітаптарды алғашқылардың бірі болып оқи аласыз;
• Жаңа шығармалар сапалы дыбысталып, қор үнемі толығып отырады.

Что нового

Версия 3.1.1

1. Қосымшаға промокодтар қосылды. Сіз енді жеке кабинетіңіздегі “Жазылымдар” бөлімінде сыйлық кодты іске қосып, оны қолдана аласыз.

2. Tele2/Altel қолданушылары үшін бұғатталған жазылымдар интерфейсі түзетілді. Ол жазылымды ұзарту үшін балансты толтыру керегін еске түсіреді.

Оценки и отзывы

4,1 из 5
Оценок: 18

Оценок: 18

giza guru ,

жаңартқан соң менің кітапxанамдағы кітап ашылмайды

Өте жақсы қосымша. Бірақ соңғы 3-4 жаңартудан кейін кітапxанамдағы кітаптар ашылмайды, яғни жүктеліп жатқан сияқты ортасындағы домалақ айналып тұрады.

apatiun ,

Не работает

Приложение пустое, нет книг

dggygt ,

Жеке кітапxанасы істемейтұр

Не грузится

Конфиденциальность приложения

Разработчик Bilim Media Group TOO указал, что в соответствии с политикой конфиденциальности приложения данные могут обрабатываться так, как описано ниже. Подробные сведения доступны в политике конфиденциальности разработчика.

Не связанные с пользова­телем данные

Может вестись сбор следующих данных, которые не связаны с личностью пользователя:

  • Контактные данные
  • Диагностика

Конфиденциальные данные могут использоваться по-разному в зависимости от вашего возраста, задействованных функций или других факторов. Подробнее

Другие приложения этого разработчика

Образование
Образование
Образование
Образование
Образование

Вам может понравиться

Книги
Книги
Книги
Книги
Книги
Книги